Ауған жауынгері В.Б.Петрушинге арналған салтанатты сап

25 қаңтар күні мектебімізде дәстүр бойынша жерлес ауған жауынгері Виктор Борисович Петрушинге арналған салтанатты жиын өтті.

Мақсаты: Отансүйгіштікке, азаматтыққа, өз халқының салт-дәстүрін, мәдениетін, тарихын құрметтеуге тәрбиелеу. Сапқа Воскресеновка орта мектебінің оқушылары мен ұстаздары, Ақкөл шекара заставасының қызметкерлері, В.Петрушиннің туыстары мен сыныптастары шақырылды.Мектебіміздің оқушылары сол сұрапыл оқиғалардың тарихын еске алып, жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды. Воскресеновка, Белое орта мектептерінің оқушылары мен шекара заставасының қызметкерлері ауған жауынгері В.Б.Петрушиннің зиратына гүл шоқтарын қойды.

0 0 votes
Article Rating
Subscribe
Notify of
guest

0 Comments
Inline Feedbacks
View all comments

Қосымша ақпарат көздері

0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x