12 сәуірде Космонавтика күнін мерекелеу күні 1-сыныпта «Ғарыш жұлдызы» ойын-байқауы өтті.
Мақсаты: Ғалам, Күн жүйесі және оның планеталары туралы түсініктерін бекіту; балалардың ғарыш туралы түсініктері мен білімдерін байыту және кеңейту.
Ойын барысында балалар ғарыш сұрақтарына жауап берді, өздерін «ғарышкер» рөлінде сынап көрді, ашық ауада ойындар ойнады.




