Жазғы сауықтыру алаңының бүгінгі күні таза ауада таңғы жаттығудан басталды. Экскурсияның алдында балаларға судағы қауіпсіздік ережелері өткізілді. Содан соң бәріміз бірауыздан көлге аттандық. Мектепке қайтып келген соң оқушыларда дене шынықтыру сабағы болды.
Кейін сурет салу сабағында туған көлдің сұлулығын бейнелеуге тырыстық. Әрі қарай түскі астарын ішіп ұйқыға жатты. Ұйықтап тұрған соң ұлдар мен қыздар суреттерін аяқтап, стадионда ойын ойнады.